Трамп: НАТО-ны «бұлыңғыр болашақ» күтіп тұр

Дональд Трамп «НАТО Ормуз бұғазындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде АҚШ-қа қол ұшын созбаса, әскери альянсты «бұлыңғыр болашақ күтіп тұр» деп сес көрсетті. 

Financial Times берген сұхбатында ол Еуропа елдерін Иранға қарсы операцияға белсене қатысуға шақырған. Сонымен қатар Ақ үй басшысы Қытай Құрама Штаттарға қолдау көрсетпесе, осы айдың аяғына жоспарланған Си Цзиньпинмен кездесуді кейінге шегеретінін мәлімдеді. 

Естеріңізге сала кетейік, АҚШ Таяу Шығыстағы одақтастарының Иранмен арадағы соғысты тоқтату туралы келіссөздерді бастауға қатысты ұсынысты қабылдамаған болатын. Ресми Тегеран да АҚШ пен Израильдің шабуылдары тоқтамай, бітімге келу мүмкін емес деді.