Кубада миллиондаған адам жарықсыз қалды

Кубада ұлттық электр жүйесі толық істен шығып, шамамен 10 миллион адам жарықсыз қалды. 

Reuters агенттігінің хабарлауынша, апаттың нақты себебі әзірге ресми жарияланған жоқ. Мамандар мұны елдегі энергетикалық инфрақұрылымның тозуымен байланыстырады. Әрі ахуалдың ушығуына АҚШ санкцияларының күшеюі де әсер еткен. Соның салдарынан Куба үш айдан бері мұнай ала алмай, энергияны үнемдеу режиміне көшуге мәжбүр болған.