Иранның ықпалды саясаткері қаза тапты

Иранның Жоғарғы Ұлттық Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әли Лариджани қаза тапты. Бұл туралы алдымен Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац мәлімдеді.

Лариджани Израильдің Иранға жасаған операциясы кезінде көз жұмған.

Сондай-ақ «Басидж» ұйымының әскери құрылымдарының командирі Голам-реза Сулеймани де қаза болған. Кейін бұл мәліметті Тегеран растады.

Лариджанидің қазасы арадағы шиеленісті одан сайын ушықтыруы мүмкін. Өйткені ол - Иранның саяси және қауіпсіздік жүйесіндегі маңызды тұлға. Былтыр тамыз айынан бастап Иранның Жоғарғы Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметін атқарды және осы органдағы Жоғарғы Көшбасшының өкілі саналды. 12 жыл Иран парламентінің спикері, Иранның бас ядролық келіссөз жүргізушісі қызметін атқарды. Сонымен қатар Иранның бұрынғы рухани көсемі Әли Хаменеидің жақтасы еді.