Иран Израильге әуеден соққы берді
Иран Израильдің орталығына зымыран соққысын жасады. Рамат-Ган қаласына бағытталған шабуыл салдарынан екі адам қаза тапты.
Іле-шала Тель-Авивте әуе дабылы іске қосылып, қала тұрғындары қауіпсіз орындарға жасырынды. Зымыран сынықтары орталық теміржол станциясына түсіп, пойыз қозғалысы уақытша тоқтатылды.
Израиль армиясы зымырандардың Иран аумағынан тікелей ұшырылғанын растады. Ал Тегеран бұл әрекетті АҚШ пен Израильдің Иран нысандарына жасаған соққыларына қарымта жауап екенін айтты.