АҚШ-та метеорит ақты

АҚШ-тың Огайо штатындағы Кливленд қаласының үстінен метеорит өтті. Ол сағатына 72 мың шақырым жылдамдықпен қозғалған. 

Ғалымдар ақпа жұлдыздың салмағыжеті тонна болғанын айтады. Ол аспанда ыдырап кеткен. Жер бетінен сынықтары табылмады. Ағып өткен сәті көліктердегі бейнетаспаға түсіп қалған. НАСА метеориттің Висконсин және Мэриленд штаттарының аумағынан да көзге көрінгенін хабарлады. Мамандар: «АҚШ-та кішкентай метеориттер күнде өтеді, бірақ үлкендерін көру сирек жағдай», - дейді.