АҚШ Таяу Шығысқа қару-жарақ жеткізеді
АҚШ Таяу Шығыстағы одақтастарына 23 миллиард доллар көлемінде қару-жарақ сатылымын мақұлдады.
The Wall Street Journal басылымының мәліметі бойынша, соғыс құралдары Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт және Иорданияға тасымалданады. 16 миллиард доллар тұратын қару-жарақтар арасында әуе шабуылдарына қарсы қорғаныс жүйелері бар. Сондай-ақ тікұшақтар мен құны 7 миллиард доллар тұратын Патриот жүйесіне арналған зымырандар жеткізіледі.