АҚШ Иранға шабуыл жасауды тоқтатады

АҚШ Иранның энергетикалық нысандарына соққы беруді бес күнге тоқтатады.

Бұл туралы Дональд Трамп мәлімдеді. Ақ үй басшысының Truth Social әлеуметтік желісіндегі жазбасында бұл шешім Вашингтон мен Тегеран арасындағы сәтті әрі нәтижелі келіссөздерден кейін қабылданды деп жазды. Алайда Иран мұндай сөз айтылған жоқ деп отыр. Иранның "Тасним" мемлекеттік ақпарат агенттігі Ақ үймен тікелей байланыс болмағанын мәлімдеді. Ал Иран Сыртқы істер министрлігінің мәліметіше, келісімге келу жөніндегі ұсынысты делдалдар жолдаған, бірақ жауапсыз күйінде қалған. Тегеран АҚШ әлемдік жанармай бағасын төмендетуге әрекет жасап жатыр деп есептейді. Осыған дейін Дональд Трамп Иран Ормуз бұғазын ашпаса, электр станцияларын жоятынын айтып сес көрсеткен еді. Ислам Республикасы да қарап жатқан жоқ, қарымта шабуыл жасауға дайын екенін мәлімдеді.