Ормуз бұғазына қатысты саммит өтеді
Ұлыбритания Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын қалпына келтіру мәселесі бойынша халықаралық саммит өткізуді ұсынды.
The Guardian басылымының мәліметіне сүйенсек, конференция Лондонда немесе Портсмуттағы әскери-теңіз флотының штаб-пәтерінде өтуі мүмкін. Таяу Шығыстағы маңызды су жолын қорғау жөніндегі бірлескен мәлімдемеге қазірдің өзінде 30-дан астам мемлекет қол қойды, олардың қатарында БАӘ, Франция, Германия және Италия бар. Коалицияның негізгі құрамында НАТО елдері.
Саммит аясында Ормуздағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жолдары, соның ішінде миналарды анықтайтын автономды жүйелерді қолдану қарастырылмақ. Алайда АҚШ, Израиль және Иран арасындағы қақтығыс жағдайында мұндай шараларды жүзеге асыру іс жүзінде қиын болуы мүмкін.