Чилиде жанармай қымбаттайды

Ертеңнен бастап Чилиде АИ-93 маркалы бензин бағасы 30%-ға, ал дизель отыны бірден 60%-ға көтеріледі. 

Бұл туралы Чили Қаржы министрлігі мәлімдеді. Қазір жергілікті жанармай құю бекеттерінде ұзынсонар кезек пайда болған. Сарапшылар енді елде логистика мен тауар бағасы да шарықтауы мүмкін деп болжап отыр.