Қытайда жұмыссыз жастар көбейді 

Қытайда жұмыссыздық деңгейі төмендемей тұр. Бұл әсіресе жастар арасында үлкен мәселеге айналған. 

Екі қолға бір күрек іздегендердің дені – 16 мен 24 жас аралығындағы тұрғындар. Жұмыссыздыққа әсер еткен фактор көп. Солардың бірі өндіріс орындары мен мекемелер цифрландырылып, кей мамандықтар қажетсіз болып қалды. Жоғары оқу орнын бітірушілер саны да едәуір өсіп, еңбек нарығындағы сұраныспен сәйкес келмейді. Ауыл-аймақтардан жұмыс іздеп қалаға көшетіндер көбейді. Бұл бәсекелестікті арттырып, жұмысшыларға деген талапты күшейтіп жіберді.

Фу Линхуэй, Қытай Ұлттық статистика бюросының ресми өкілі:

- Жүргізілген талдауға сәйкес жұмыссыздық деңгейі өткен жылдың осы кезеңімен тең болып тұр. Қалалардағы көрсеткіш 5,3 пайызды құрап отыр. Алайда ақпан айында өсім байқалды. Үкімет жаңа жұмыс орындарын ашу және кәсіпкерлікті қолдау арқылы бұл көрсеткішті төмендету шараларын қабылдау үстінде.