Қырымда әскери ұшақ апатынан 29 адам қаза тапты

Қырымда жүк тасымалдайтын АН-26 әскери ұшағы апатқа ұшырады.

Ресейдің Қорғаныс министрлігі 29 адамның қаза тапқанын растады. Құрбандардың 6-уы экипаж мүшесі, қалғаны жолаушылар. Алдын ала ақпарат бойынша қайғылы оқиғаға техникалық ақау себеп болған. Қылмыстық іс қозғалып, апат орнында тергеу органдары мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, 2018 және 2021 жылдары АН-26 моделіне жататын ұшақтар құлап, іште болған барлық адам ажал құшқан еді.