GPT экстремизммен күрес үшін қолданылады
Танымал чат Джи Пи Ти экстремизмге бейім қолданышыларды анықтау мақсатында қолданылмақ.
Бұл үшін арнайы жүйе әзірленген. Осыған ұқсас алгоритм бұған дейін тұрмыстық зорлық-зомбылық қаупін анықтау мақсатында қолданылған. Енді оның мүмкіндіктері экстремизмге қарсы әрекет ету үшін кеңейтіліп жатыр. Рейтер ((Reuters)) ақпарат агенттігінің мәліметіне сүйенсек, аталмыш бастама IT-компанияларға қарсы шағымдардың көбеюімен және пайдаланушылардың қауіпсіздігін күшейту қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылмақ. Әзірге жүйенің нақты қашан іске қосылатыны белгісіз.