Ирландияда әлеуметтік желіге жас шектеуі енгізілуі мүмкін

Ирландияда интернетте жас шектеуін бақылауға арналған жаңа жүйе сынақтан өткізіліп жатыр.

Қосымша әлеуметтік желілерге тіркелу барысында пайдаланушының жасын тексеретін функциямен жабдықталған. Онда туу туралы куәлік пен жүргізуші куәлігі сияқты ресми құжаттарды сақтау мүмкіндігі қарастырылған. Билік осылайша, кәмелетке толмағандарды зиянды контенттен қорғауды көздейді. Жоба келесі жылдың соңына дейін толық іске қосылуға тиіс.