Иран АҚШ-тың екінші әскери ұшағын жойды

Иран АҚШ Әуе күштеріне тиесілі тағы бір ұшақты жойды. Бұл туралы Ислам революциясы сақшылары корпусы хабарлады.

Әуе қорғаныс жүйесі ұшақты Ормуз бұғазы маңында қағып түсірген. Бір күн бұрын Иран тарапы бір америкалық жойғыш ұшақты құлатқандарын мәлімдеген еді. АҚШ әкімшілігі бұл ақпаратты растады. The New York Times басылымының хабарлауынша, бір ұшқыш құтқарылды. Ал екінші экипаж мүшесін іздеу жалғасып жатыр. Ал Ақ үй басшысы Дональд Трамп бұл жағдай Вашингтон мен Тегеран арасындағы келіссөздерге әсер етпейтінін айтты.