NASA Жер шарының жаңа суретін жариялады
NASA Айды айналып ұшу кезінде 54 жылдан кейін алғаш рет ғарыштан түсірілген Жердің жаңа суретін жариялады.
Суретті Айға бет алған «Артемида-2» миссиясының экипажы түсірген. Кадрда Жер Күннің бетін жауып тұрған сәтте бейнеленген. Айта кетейік, зымыран тасығыш пен ғарыш кемесі бірінші сәуірде ұшырылған. Миссия аясында экипаж Айды айналып ұшып, 10 күн ішінде Жерге қайта оралады.