Грекия балаларға әлеуметтік желіні шектейді
Грекияда 2027 жылдан бастап 15 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерді қолдануға шектеу енгізіледі. Бұл туралы ел Премьер-министрі Кириакос Мицотакис мәлімдеді.
Шешім балалар арасындағы мазасыздықтың артуы, ұйқының бұзылуы және интернетке тәуелділік мәселелерімен байланысты қабылданғалы отыр. Ата-аналардың айтуынша, жасөспірімдер экран алдында тым көп уақыт өткізсе, психологиялық қысымды жиі сезіне бастайды. Ел тұрғындарының шамамен 80%-ы бұл бастаманы қолдайды. Айта кетейік, Грекияда мектептерде ұялы телефон қолдануға тыйым салынған. Сондай-ақ балалардың экран уақытын шектеуге арналған бақылау жүйелері енгізілген. Ұқсас шараларды Ұлыбритания, Малайзия, Франция, Дания және Польша да қарастырып жатыр.