Әлемде мұнай бағасы тағы өсті
Дүниежүзілік нарықта мұнай бағасы үш пайызға жуық өсті. Бұған Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдай әсер етіп отыр.
Қазір Brent пен WTI маркалы мұнайдың фьючерстері барреліне шамамен 97 доллар деңгейінде саудаланып отыр. Reuters дерегінше, бұған дейін мұнай бағасы күрт төмендеген. Әсіресе WTI маркасы 2020 жылдан бергі ең ірі құлдырауды көрсеткен. Сарапшылардың айтуынша, нарық қатысушылары Ормуз бұғазының жақын арада толық ашылуына күмәнмен қарайды. Бұл жағдай бағаның құбылмалы күйде сақталуына әсер етіп отыр.