SpaceХ шығыны $5 млрд-қа жетуі мүмкін
SpaceX компаниясының шығыны 5 млрд долларға жетуі мүмкін. Ең көп ақша Илон Масктің xAI жасанды интеллект стартапына жұмсалды.
Басқа да жаңа жобаларға қомақты инвестициялар салынған. Әуе-ғарыш корпорацияның биылғы кірісі әзірге 18 жарым миллиард доллар. SpaceX тақауда қоғамдық биржаға шығуға дайындалып жатыр. Bloomberg-тің болжамы бойынша, компания акциялары 1 жарым триллион доллардан асуы ықтимал.