Ормуз бұғазынан кемелер өтіп жатыр
Әлем бойынша кемелердің жүріс-тұрысын онлайн режимде қадағалап, жариялап отыратын The MarineTraffic data порталының мәліметі бойынша, аталған кемелер Мальта, Либерия және Пәкістанға тиесілі.
Олар шикі мұнай, химиялық заттар мен басқа жүктерді тасып өткен. Сарапшылар: «Кемелердің саны өте аз. АҚШ, Израиль мен Иран арасындағы қарулы қақтығысқа дейін Ормуз бұғазы арқылы күніне кемінде 150 су көлігі өтеді», - деді.