АҚШ – Иран келіссөзі 16 сәуірде өтуі мүмкін

АҚШ пен Иран арасындағы келесі келіссөз 16 сәуірде өтуі мүмкін. Бұл туралы өз дереккөздеріне сілтеме жасаған Associated Press агенттігі хабарлады.

Атысты тоқтату туралы уақытша бітімнің мерзімі келесі аптаның ортасында аяқталуға тиіс. "Тараптардың диалогты жалғастыруға келісуінің өзі үлкен жетістік",- дейді сарапшылар. Пәкістан мен Швейцария келіссөз өткізуге өз алаңын ұсынып отыр деген ақпар бар. Басқосу жабық форматта өтеді. Бұл жолғы кездесуге баратын делегаттардың есімдері әзірге жарияланған жоқ. Осыған дейін 11 сәуірде Пәкістан астанасы Исламабадта бас қосқан АҚШ пен Иран саясаткерлері  келісімге келе алмаған еді.