Молдова ТМД құрамынан шығады
Молдова келесі жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан ресми түрде шығады. Мұны елдің Сыртқы істер министрі Михай Попшой мәлімдеді.
Оның айтуынша, тиісті хат ұйымның Минскідегі хатшылығына жіберілген. Бұған дейін президент Майя Санду ТМД-дан шығу туралы шешімге қол қойған еді. Билік бұл қадамды Еуроодаққа қосылу жоспарымен түсіндірді.