Пентагон басшысына импичмент жариялау ұсынылды
АҚШ-та Пентагон басшысына импичмент жариялау туралы қарар ұсынылды. Бұл туралы ақпар Axios сайтында жарияланды.
Демократтар: «Пит Хегсет Иранға қарсы әскери операция бастау үшін конгрестің келісімін алуы керек еді», - деп санайды. Сондай-ақ құпия ақпаратпен жұмыс істеу тәртібін бұзды. Қызметін асыра пайдаланды деп айыптап отыр. Сарапшылар: «Қарар өкілдері палатасынан өткенімен, Сенат қабылдамайды», - деп отыр. Өйткені мұнда республикашылардың, яғни президент Трамп жақтастарының ықпалы күшті.