Израиль мен Ливан басшылары кездеседі
Бүгін Израиль мен Ливан басшылары кездеседі. Тараптар араға 34 жыл салып алғаш рет бетпе-бет сөйлескелі отыр.
АҚШ Президенті Дональд Трамп әлеуметтік желідегі парақшасында осындай жазба жариялады. Ақ үй басшысы бұл басқосу арқылы Тель-Авив пен Бейруттың арасын жақсартуға үмітті. Таяуда Израиль Бинт-Жбейль қаласын басып алса, Ливандағы қарулы операция көп ұзамай тоқтайды деген ақпар тарады. Рейтер агенттігінің дерегі бойынша, бұл мәселе Израиль министрлер кабинетінің отырысында қаралды. Осыған дейін Иран Ливанда оқ атпау режимі орнамаса, АҚШ-пен арадағы келісімнен шығатынын ескерткен еді.