БАҚ: Иран Ормуз бұғазын ашуы мүмкін
Иран Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасын қайта ашуы мүмкін.
Reuters агенттігінің мәліметінше, бұл ұсыныс АҚШ-пен алдағы келіссөз барысында қарастырылғалы отыр. Алайда бұған тек әскери қақтығысты тоқтату жөнінде келісімге қол жеткізген жағдайда ғана баруы мүмкін. Ақ үй бұл бастамаға қатысты әзірге пікір білдірмеді. Бұғаздың барлық кемелер үшін ашылуы және миналанған аймақтарды тазарту мәселесі шешілген жоқ.