АҚШ Сенаты Израильге қару сатуды қолдады
АҚШ Сенаты Израильге 450 миллион долларға қару-жарақ сатуға жол бермеу туралы 2 қарарды қабылдамай тастады.
«Рейтердің» хабарлауынша, аталған транзакциялар Американың сыртқы көмек және әскери экспортты бақылау туралы заңына қайшы келуі мүмкін. Бірінші құжатта 300 миллион долларға арнайы техника сатуға, ал екінші қарар 150 миллион долларға 12 мың әуе бомбасын беруге тыйым салуды қарастырды. Бірақ 2 бастама да қажетті дауыс жинай алмады. Қарсы шыққандар «Тель-Авив – Вашингтонның басты одақтасы, сондықтан олардан қару-жарақ аямауымыз керек» деген уәж айтады.