Иордания Ливанға гуманитарлық көмек жіберді
Иордания Ливанға 15 гуманитарлық жүк көлігін жөнелтті. Онда азық-түлік, дәрі-дәрмек және басқа да керек-жарақ бар. Балалардың ем-домына қажетті заттар да тиелген.
Бұл - Ливандағы қақтығыста зардап шеккен және босыған жұртқа көмек. Ел билігінің дерегі бойынша, 2 наурыздан бері Израиль шабуылдарынан мұнда 2 мың 100-ден астам адам қаза тауып, 1 миллион 200 мыңнан аса тұрғын үйін тастап шыққан.