Түркияда цифрлық қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

Түркияда мектептердегі атыстан кейін цифрлық қауіпсіздік шаралары күшейтіледі.

Елдің Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, билік әлеуметтік желілердегі зорлық-зомбылық пен қылмысты насихаттайтын контентке бақылауды қатаңдатуды жоспарлап отыр. Осыған байланысты цифрлық ортадағы мониторингті кеңейтіп, мектептерде түсіндіру жұмысын жүргізу көзделген. Осы аптада Түркияда оқу орындарында екі рет атыс болып, 9 адам қаза тапты. Тағы 30-ға жуық адам жарақат алды.