Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді
Елдің ұлттық ақпарат агенттігінің дерегіне сәйкес, атысты тоқтату туралы келісім күшіне енгеннен кейін Израиль әскері елдің оңтүстігіне соққы жасаған.
Шабуыл Аль-Хиам және Дбейбин қалаларын қамтыған. Салдарынан жедел жәрдем қызметі зардап шегіп, медицина қызметкерлері жарақат алды. Ал Израиль тарапы соққылар «Хезболла» нысандарына бағытталғанын мәлімдеді.