Ормуз бұғазынан кемелер баяу өтіп жатыр
Ормуз бұғазы ашылғанына қарамастан кеме қозғалысы баяу жүріп жатыр. Бұл жөнінде кеме қатынасын бақылаушы мекемелер мәлімдеді.
Кеше Иран бұғазды тек коммерциялық кемелер үшін уақытша ашқан болатын. Бірақ кемелер арнайы белгіленген қауіпсіз дәліздерді пайдалануы тиіс. Ал қазір кемелердің бұғаз арқылы өтуі қауіпсіз бе, жоқ па бұл жағы нақты белгісіз. Әрі бұғаз арқылы барлық кемелер жүріп өте алмайды. Сондай-ақ миналанған аймақтарды тазарту мәселесі әлі шешілген жоқ.