Жапония аптап ыстыққа дайындалып жатыр
Жапония жаз келмей аптап ыстыққа дайындалып жатыр. Егер сынап бағанасы плюс 40 градустан асса, бұл ең жоғарғы әрі қауіпті деңгей дегенді білдіреді. Бұған қатысты Жапония метеорологиялық агенттігі "кокушоби" деген жаңа атау енгізіп отыр.
Ғылыми жаңа термин осы жаздан бастап ауа райы болжамдарын жасаған кезде ресми түрде қолданылмақ. Сөздің түбіріндегі "koku" иероглифі "қатал" деген мағынаны білдіреді. Ал біздің тілде күн қатты ысыса әдетте "аптап" деп сипаттайды. Жапондар енгізген жаңа атау да осы мағынмен шамалас. Жапония мұндай шараларды халықты қауіптен дер кезінде хабардар ету үшін қабылдап отыр. Өйткені былтыр бұл елде күн қатты ысып, тұрғындар біраз әбігерге түскен.