АҚШ Иранның 21 кемесін бұғаздан өткізбеді

Иран порттарын блокадалау операциясы басталғалы бері АҚШ теңіз күштері 21 сауда кемесін қолға түсірді.

Бұл туралы АҚШ Қарулы Күштерінің Орталық қолбасшылығы мәлімдеді. Ақпарға қарағанда, бұл кемелердің дені Ислам Республикасына тиесілі. Сондықтан оларды кері қайтуға мәжбүрлеген. Ормуз бұғазындағы АҚШ енгізген блокадаға 10 мыңнан астам сарбаз жұмылдырылған. Олар Иран портынан шыққан бірде-бір кемені өткізбей, қозғалысты жіті қадағалап отыр. АҚШ президенті Дональд Трамптың мәліметінше, бұл шаралар Иранмен арадағы қақтығыс реттелмейінше, жалғаса береді.