Иран АҚШ-қа байытылған уран қорын бермейді

Иран мен АҚШ бірқатар мәселе бойынша келісімге келгенімен, түпкілікті мәмілеге қол жеткізуге әлі ерте.

Бұл туралы Иран Парламентінің спикері Мұхаммед Баеер Галибаф хабарлады. Оның айтуынша, Вашингтон Иран халқының сеніміне ие болуы керек. Ол мұны ымыраға келудің негізгі шарты деп отыр. Галибаф сондай-ақ Құрама Штаттар диалог барысында біржақты әрекеттер мен қысым көрсетуден бас тартуға тиіс екенін атап өтті. Ядролық бағдарлама бойынша да тараптардың пікірі қарама-қайшы. Ислам мемлекетінің сыртқы істер министрлігі мемлекет байытылған уранды АҚШ-қа беруден бас тартатынын және бұл мәселе, тіпті талқыланбайтынын жеткізді.