Қытай Жапониядан қауіптенеді
Қытай жапондар қару-жарағын сайлап жатыр деп дабыл қақты.
Бұған күншығыс елінің әскери техникалары мен зымырандарын Қытайдың Тайвань аймағына жақын жердегі Йонагуни аралына орналастыруы себеп.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Го Цзякунь мұндай әскери бекініс салу - аймақтық бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіретін әрекет дейді. Ол бұл шешімнен үзілді-кесілді бас тартуды талап етіп, халықаралық қауымдастықты қырағылық танытуға шақырды.
Го Цзякунь, Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы:
- Қытай бұған қатты алаңдайды. Жапония «өзін-өзі қорғау» желеуімен Қытайға жақын аймақтарда шабуылдаушы қару-жарақ пен зымыран кешендерін көбейтуде. Бұл негізінен аймақтық бейбітшілікке төнген қауіп. Біз Жапон тарапын өткен тарихына үңіліп, өз міндеттемелерін орындауға шақырамыз. Халықаралық қауымдастық Жапонияның бұл әрекетін тоқтатуы керек.