Иран Ормуз бұғазына мина қойып шығады

Иран да қарап отырған жоқ.

Елдің Қарулы күштері соғыс басталған жағдайда соққы беретін нысандар тізімін әзірледі. Бұл туралы Фарс агенттігі хабарлады. Қарымта жауап ретінде Израиль мен Вашингтонның Таяу Шығыстағы одақтастарының электр станцияларына шабуыл жасауға бел буып отыр. Сондай-ақ Тегеран Құрама Штаттар орнатқан теңіз блокадасына қарсы Баб-эль-Мандеб бұғазы бағытындағы кеме қатынасын шектеп, Ормуз бұғазын миналап тастауды қарастырып жатыр.