Нидерланд әскер санын арттырып жатыр
Ел билігі 2035 жылға қарай қарулы күштер қатарын 80 мыңнан 120 мың сарбазға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.
Қазір резервте 9 мыңға жуық адам бар. Кейінгі жылдары жастар арасында әскерге барам дегендер көбейді. Енді билік шұғыл түрде киім, қару-жарақ сатып алып, жауынгерлерге арналған баспана тұрғызуға ниетті. Айта кетейік, жыл басында Нидерланд патшайымы Максима да, қысқа мерзімді әскери дайындық курсынан өткен еді.