Израиль Газадағы бітім шарттарын сақтамай отыр

Палестина Израильді Газа секторындағы атысты тоқтату келісімін бұзды деп айыптады. Бұл туралы «Әл-Жазира» ақпарат агенттігі хабарлады. 

Палестиналық саясаткер Мустафа Баргути АҚШ делдалдығымен қол жеткізілген бітімге қарамастан, келісім талаптарының бұзылуы жалғасып келе жатқанын мәлімдеді. Израиль әскері тараптарды бөліп тұруы тиіс «сары сызық» деп аталатын шартты шектен өтіп кеткен. Мұндай әрекеттер аймақтағы жағдайды ушықтырып отыр. Осыған байланысты Палестина билігі халықаралық қауымдастықты Израильге қарсы санкциялар енгізуге шақырды.