Израиль «Хезболла» нысандарын атқылады
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі «Хезболла» қозғалысына тиесілі 15 нысанды атқылады. Бұл туралы «Әл-Жазира» басылымы хабарлады.
Кейін қарымта соққы ретінде «Хезболла» Израильдің әскери қоймаларына әуеден шабуыл жасаған. Айта кетейік, қазір Израиль мен Ливан арасында атысты тоқтату режимі өз күшінде. Соған қарамастан, өзара шабуыл жалғасып жатыр. Ливан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2 наурыздан бері 2600 адам қаза тапқан. Ал Израиль тарапы үш бейбіт тұрғынның қаза болғанын хабарлады. Тағы 500 сарбаз жараланған.