Reuters: Иранға қарсы жаңа қарар ұсынылды
АҚШ Біріккен Ұлттар Ұйымына Иранға қатысты жаңа қарар ұсынды. Онда парсы мемлекетінен шабуылдарды және Ормуз бұғазына мина орнатуды тоқтатуды талап етпек.
Алайда «Рейтер» агенттігі аталған құжатқа Қытай мен Ресей вето қоюы мүмкін дейді. Өткен айдағы қарар осындай сәтсіздікке ұшыраған еді. Жаңа мәтін АҚШ, Бахрейн, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт және Қатардың қолдауымен әзірленді. Қарарды қарайтын Қауіпсіздік кеңесінің отырысы жақын күндері өтуге тиіс. Қазір ол жабық отырыстарда талқыланып жатыр.
Амир-Саид Иравани, Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі:
- Қарар авторларының Иран бұғазда мина орнатты деп айтуы толық адасуға апарады және саяси мақсаттарды көздейді. АҚШ әскерінің өз аумағынан мыңдаған миль қашықтықтағы Парсы шығанағында болуы – заңсыз. Ол тұрақсыздық тудыру факторына ие. Иранның ұстанымы айдан анық. Ормуз бұғазындағы жағдайды реттеудің бірден бір жолы – соғысты біржола тоқтату, теңіздегі тосқауылды алып тастау және кеме қатынасын қалпына келтіру. Қазіргі дағдарыс АҚШ-тың 28 ақпанда заңсыз бастаған соғыстың тікелей нәтижесі.