АҚШ-та бір мезетте 14 торнадо соқты
АҚШ-тың оңтүстігіндегі Миссисипи штатында бір мезетте 14 торнадо соқты.
Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, құйын салдарынан 17 адам жараланған. Абырой болғанда, мерт болғандар жоқ. Линкольн және Ламар округтерінде ағаштар түбірімен опырылып, 400-ге жуық үйге зақым келді. Электр желілері үзіліп, 15 мыңнан астам нысан жарықсыз қалған. Қазір іздеу-құтқару және қирандыларды тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Үйсіз қалған тұрғындар үшін уақытша паналау орталықтары ашылды.