Ресейге қар жауды
Ресейдің солтүстігіндегі Ханты-Мансы автономды округі қалың қар құрсауында қалды.
Демалыс күндері аймақта күн күрт суытып, бұрқасын соғып, дауыл күшейген. Әуе рейстері тоқтап, көлік қозғалысы шектелді. Синоптиктер дәл осындай метеорологиялық жағдай алдағы күндер де болатынын ескертеді. Сондай-ақ Екатеринбург, Омбы қалалары мен Пермь өлкесі, Татарстан, Башқұртстан және Челябі облыстарында да бұрқасын соғып, қар жауған.