Суданда дрон шабуылынан қаза тапқандар саны 880 адамға жетті

Суданда дрон шабуылдарынан қаза тапқандар саны күрт артты.

Биыл қаңтар мен сәуір аралығында ұшқышсыз аппараттар соққысынан кемінде 880 адам көз жұмған. Бұл туралы БҰҰ мәлімдеді. Қарулы қақтығыс Суданның бірнеше өңірінде жалғасып жатыр. Оның ішінде Дарфур мен Кордофанда жағдай қиын. Мамандардың айтуынша, қақтығыстың ушығуы гуманитарлық көмектің жеткізілуін тежеген. Қазір елдің басым бөлігінде аштық қаупі күшейіп тұр.