Ормуз бұғазында қауіпсіздік күшейеді
Бірқатар мемлекет Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын қорғауға кіріседі. Франция мен Ұлыбритания бастаған миссияға Австралия қосыламыз дейді.
Канберра аймаққа радармен жабдықталған әскери ұшақ аттандыруға дайын. Сондай-ақ Сеул де шет қалмаймыз деп отыр. Өйткені тақауда Ормуз бұғазында Оңтүстік Кореяның кемесі шабуылға ұшыраған еді. Сеул барлау деректерін беріп, мамандар жібереміз, - дейді. Алайда ұрыс қимылдарына қатыспаймыз,- деп мәлімдеді. Ал Ұлыбритания әскерін аттандаруға әзір. Тіпті бұл миссияға 150 млн доллар жұмсайтынын жеткізді. Жалпы Париж бен Лондон бастаған миссияға 40 елдей атсалысуға бейіл. Франция мен Ұлыбритания басшыларының айтуына қарағанда бұл операция тек Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын қорғауға бағытталған.