АҚШ Қытайдан Иран мәселесіне араласуды сұрайды

Мұны Құрама Штаттардың Мемлекеттік Хатшысы америкалық «Фокс Ньюс» телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді. Марко Рубионың айтуына қарағанда, бұған Бейжіңнің өзі де мүдделі болу керек.

Өйткені Ормуз мәселесі дереу шешілмесе, жаһандық экономика тоқырауға ұшырап, Қытайдың саудасы тоқтайды. «Сондай-ақ Бейжің Иранға көмектессе, екі араға сызат түсетінін ескерттік», - дейді.