Еуропада тағы бір круиздік кеме оқшауланды
Францияның Бордо қаласында круиз кемесіндегі 1700-ден астам адам карантинге жіберілді. Олардың барлығы Ambition лайнерінде болған.
Кеме Шетланд аралдарынан Испанияға бағыт алған. Карантин енгізуге ондаған жолаушының жүрек айну, құсу және іш өту белгілеріне шағымдануы себеп болған. Алдын ала болжам бойынша, бұл норовирус инфекциясы болуы мүмкін. Кемеде 1187 жолаушы мен 500-ден астам экипаж мүшесі болған. Француз дәрігерлері қазір жолаушылардан алынған сынамаларды зерттеп жатыр. Мамандар әзірге бұл жағдайдың хантавируспен байланысы жоқ екенін мәлімдеді.