Қытайда су тасқынынан 18 адам көз жұмды
Қытайдың орталық және оңтүстігінде нөсер жауыннан болған су тасқыны салдарынан 18 адам қаза тапты.
Бұл туралы Reuters агенттігі мәлімдеді. Кей өңірлерде жауын-шашын көлемі рекордтық деңгейге жеткен. Апат аймақтарында мектептер мен кеңселер жабылып, қоғамдық көлік қозғалысы тоқтаған. Сондай-ақ электр жарығының үзілуі тіркеліп, тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Синоптиктер табиғи апатты Бенгал шығанағы, Оңтүстік Қытай теңізі және Тынық мұхитынан келген ылғалды ауа массаларының тоғысуымен байланыстырады. Мамандардың болжауынша, алдағы күндері дауыл Қытайдың шығысы мен оңтүстігіне қарай ойысады.