Ормуз арқылы өткен танкер Жапонияға жетті
Ормуз бұғазы арқылы өткен алғашқы мұнай танкері Жапонияға жетті.
"Идэмицумару" кемесі Сауд Арабиясынан екі миллион баррель шикі мұнай жеткізген. Бұл туралы Асахи басылымы хабарлады. Кеме бортында 3 жапон теңізшісі болған. Экипаж мүшелері күншығыс еліне аман-есен жетті. Бұған дейін танкер Тегеранмен келісілген солтүстік бағыт арқылы теңіз дәлізінен өткен еді. Жапония Сыртқы істер министрлігі бұл үшін бөлек транзиттік алым алынбағанын атап өтті.