Ормуз бұғазынан тағы 25 кеме өтті
Кейінгі бір тәулікте Ормуз бұғазынан 25 кеме кедергісіз өтті.
Олардың қатарында мұнай танкерлері мен өзге де коммерциялық кемелер болған. Рұқсат алған көлік құралдарының қауіпсіздігін Ислам революциясы сақшылар корпусының әскери-теңіз күштері қамтамасыз етті. Иран стратегиялық су жолына бақылауды одан әрі жалғастыратынын және кез келген агрессияға жойқын тойтарыс беретінін мәлімдеді. Сондай-ақ Уол Стрит Джоурнал ((The Wall Street Journal)) басылымы АҚШ--тың әскери-теңіз күштері коммерциялық кемелерге Ормуз бұғазы арқылы өтуге көмектесіп жатқанын жазды. Нәтижесінде наурыз айынан бері Парсы шығанағынан шыға алмай тұрған 2 млн баррель мұнай тиеген мысырлық супертанкер Қазір Үндістанға беттеді.