NASA Айды игеру жоспарын жариялады  

Америкалық ғарыш агенттігі алғашқы кезеңде Жер серігіне Ай бетiн зерттеу және жабдық жеткізу үшін роботтандырылған модульдерді, дрондар мен көлік платформаларын жібереді. 

Кейін мамандар жүк жеткізіп, күн энергиясы қондырғылары мен ядролық реакторларды қамтитын энергетикалық инфрақұрылымды орналастыруға ниетті. Ал 2030 жылдары астронавттарды Айға ұзақ уақытқа жіберіп, онда үздіксіз жұмыс істеуді көздеп отыр.