Куба халықаралық ұйымдардан көмек сұрады

Куба халықаралық ұйымдар мен Латын Америкасынан және Кариб бассейні елдерінен көмек сұрады.

 «Бостандық аралы» АҚШ-тан қауіптеніп отыр. Гавана Кубаға шабуыл жасалса, мұның салдары гуманитарлық апат пен күллі аймақтағы тұрақсыздыққа ұласуы мүмкін деп ескертті. Ел билігі Вашингтонмен диалогқа дайын екенін мәлімдеді. "Бірақ алдымен, Құрама Штаттар Кубаның егемендігі мен оның саяси жүйесін құрметтеуі тиіс" дейді. Дональд Трамп әкімшілігі Кубаның бұрынғы көшбасшысы Рауль Кастроға айып таққан соң мемлекеттер арасындағы шиеленіс күшейе түсті. Ол 1996 жылы азаматтық ұшақтардың жойылуына қатысы бар деген күдікке ілінді.