АҚШ пен Иран әлі тіл табыса алмай жатыр
Вашингтон мен Тегеран бейбіт бітімнің шарттары бойынша әлі толық келісімге келе алмай жатыр.
Бірақ екінші жағынан, тараптар арасындағы келіссөз үзілген жоқ. Бұл туралы АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнске сілтеме жасаған "Рейтер" хабарлады. Осы арада әлемдік ақпарат құралдарында түрлі ақпарат таралуда. Кейбірі АҚШ пен Иранның келіссөз жүргізуші өкілдері 60 күнге оқ атуды тоқтату, ядролық бағдарлама бойынша диалогты қайта бастау және Ормуз бұғазын ашу туралы құжатты бекітті деген мәлімет жариялап үлгерген. Алайда Иранның Tasnim агенттігі мұның бәрін жоққа шығарды. Олардың жазуынша, өзара түсінісу туралы меморандум бойынша жұмыс әлі жүріп жатыр. Оның үстіне Тегеран араағайын болып жүрген Пәкістанға құжат бойынша жұмыс аяқталды деген хабар бермеген.